22.11.2018, 19:05
Қараулар: 3
Бабалар аманатына адалдық

Бабалар аманатына адалдық

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын тебіреніп оқыдым.

Мемлекет басшысы  мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.

Бабаларымыз жаһандық өркениетке қосқан қомақты үлес салмағын, аң стилін қолдану арқылы тектілігін дәріптегендігі аңыз ғана емес нақты дәлелдермен айғақталған дүние екендігі баршаны еріксіз мойындатады.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу жас ұрпақтың үлесінде.

Бүгінгі мақала қазақ елі тарихын ұлттық емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түркі тайпаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғыртуға арналды.

Мәселен, Елбасы айтқандай жылқының қолға үйретілуінің өзі әлемдік дамуға ықпал етуі, алпауыт империялардың құрылуына дейін септігін тигізуі айтарлықтай үлкен оқиға. Ал осы тарихи оқиғаның басында қазақ сахарасының тұруы аудан ардагерлері үшін зор мақтаныш.

 

Еркінбек ЖӘНІБЕКОВ,

зейнеткер