23.11.2018, 10:20
Қараулар: 47
Болашаққа жарқын қадам

Болашаққа жарқын қадам

«Тарихсыз ел болмайды» деген мақал Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай.

Мен бұл мақаланы оқи отыра, ұлы даламызды жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте көз жеткіздім. 

Кеше ғана Елбасының халқына бағыттаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп білемін. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Елбасы бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңірек тоқталған. Қазақтың даңқты батырларын, ойшылдары мен ел билеушілерін тек Қазақстан халқы ғана емес, бүкіл әлем танысын, халқымыздың ұлылығына еліктесін деген ойы Елбасының негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

Мақала көңілге қонымды. Біз өзіміздің тарихымызбен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, келешек ұрпаққа бағыт-бағдар бере аламыз. Дамушы ел ретінде біз де жаһандану заманында көштен қалмай, өз тамырымызды тереңге жаюымыз керек. Елбасының тарихымызды түлету жолында жазған пәлсапалық ойы дәл мезгілінде жарияланды. Сол арқылы біз өткенімізді танып, жаһандану заманында жаңғырып, кемелденіп дамуымыз керек. Болашаққа бағдарды осылайша нық қадаммен бастамақпыз.

 

Гүлбаршын АХМЕТШИЕВА,

Қаратөбе колледжінің орыс тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.