23.11.2018, 19:08
Қараулар: 125
Өнегелі мектептің мерейтойы

Өнегелі мектептің мерейтойы

        Бүгін аудан орталығындағы іргелі білім ордасының бірі, дарынды балаларға арналған Қаратөбе мектеп-гимназиясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

Талай дарынды шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, үлкен өмірге жолдама берген алтын ұяға ардагер ұстаздар мен шәкірттері асығып жетті.Мере       йтой аясында өткізілген «Сан қыранды самғатқан, алтын ұя мектебім!» атты форумға қатысушылар алдымен «Қуанышты көрісулер таңы» атты тренингке қатысты.

Форум барысында сонымен қатар, «Рухани жаңғыру – өнегелі құндылықтар бастауы» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде мектептің тәрбие жұмысы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мааласы аясында атқарылған жұмыстар мен «READx» жобасының жұмысы таныстырылды.

 

 

 

Мектептің жоғарғы қабатында «Дарынды шәкірт шығармашылығының шабытты алаңы» атты шығармашылық галлереясы оздырылды. Мектеп оқушылары барлық пәндер бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Химия сабағынан зертханалық жұмыс жасап көрсетсе, технология пәні барысында дайындаған бұйымдарын мектеп қонақтарына сыйға тартып, дәм ұсынды.

Осы мезетте  «Білім берудегі инновация: ізденіс және тәжірибе» атты сабақтар шеруі өтті. Мектеп ұстаздары жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқу процесін жүргізді.

Форумға қатысушылар мектеп мұражайымен танысты. 2010 жылы ашылған мектеп мұражайы ауданның және мектеп-гимназиясының білім жүйесінің тарихынан сыр шертеді. Аталмыш мектеп музейінің ашылуына бірден-бір себепші болған ардагер ұстаз Клара Көбенқұлова жаңартылған мұражай жұмысына сәттілік тілеп, мектеп түлектерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Мектеп мерейтойы барысында «Сан қыранды самғатқан, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік концерттік бағдарлама оздырылды. Салтанатты рәсімде аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан білім әлемінде қанатын кеңге жайып, инновациялық білім кешеніне айналып отырған мектеп ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, аудан әкім Жанат Асантаевтың құттықтау хатын және сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, ауданның және мектеп-гимназиясының білім тарихында айшықты ізі қалған ардагер ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған облыстық білім басқармасының «Мектепке дейінгі жалпы орта білімді дамыту» бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева мектеп ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың алғыс хатын мектеп директоры Мираш Өтеғалиеваға табыс етті.

 

 

Құттықтауға толы салтанатты рәсім мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.