26.11.2018, 15:10
Қараулар: 54
Қара жол қателікті кешірмейді

Қара жол қателікті кешірмейді

Елімізде халықтың әл-ауқаты жыл өткен сайын жақсара түсуі, әрине, қуантарлық жағдай. Тұрғындар тұрмысының көтерілуінің айқын көрсеткішін жекменшік иелігіндегі аутокөліктердің күн санап көбеюінен анық аңғаруға болады. Алайда жеңіл көліктер санының артуы өз кезегінде бірқатар бас қатырар мәселелерді тудыруда.    

Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібі мен талаптарын қатаң сақтауларын аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық қадағалау тобы қызметі қадағалайды.

Өткен жылы ауданымызда жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам көз жұмып, 1 адам дене жарақатын алса, биылғы жылдың 10 айында ғана 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Жол апаттарының жиілеп кетуінің түрлі себептері бар. Солардың бірі – түнгі мез-гілде жекенің иелігіндегі үй жануарларының көлік көп қатынайтын жолдардың бойын-да қараусыз жүруі. Биыл үй жануарларының қатысымен үш оқиға орын алып, әкімшілік жауапқа бір тұрғын тартылды.

Оған ӘҚБтК 615-бабының 2-бөлімімен хаттама толтырылып, 24050 теңге айыппұл салынды. Екі жол-көлік оқиғасы бойын-ша үй жануарларының иесі анықталмай отырған көрінеді.

Жол апаттары мен оқиғалары санының артқанына жол полициясы қызметкерлері кінәлі деуге болмайды. Құзырлы орган қызметкерлері оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында жұмыстар жасап, тәртіп бұзған азаматтарға заң шеңберінде әкімшілік шаралар қолдануда.Аудандық полиция бөлімімен үстіміздегі жылдың есепті кезе-ңінде толтырылған 434 хаттама бойынша 3 млн. 635 157 теңге айыппұл салынып, оның 2 млн. 728 472 теңгесі өндірілген. Соның ішінде аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық қадағалау тобы қызметі толтырған 268 әкімшілік хаттама бойынша салынған 143 айыппұл толығымен өтелген.

Сондай-ақ аталған бөлім қызметкерлері жолдың жүріс бөлігіне қоқыс тастағандары үшін 112 азаматқа ескерту берген. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 19 жүргізушіге хаттама толтырылып, істері сотта қаралып, олар соттың шешімімен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыл-ды. Күндіз көлік жарығын жақпаған 33, құжатсыз көлік айдаған 18, белдік тақпаған 13, жылдамдықты белгіленген шамадан асырған 10, жол бел-гілері таңбаларының талаптарын сақтамаған 10 жүргізушіге және жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өткені үшін 30 азаматқа айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар көлік құралын техникалық байқаудан өткізбеу, сақтандыру полисін алмау, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу, жолдың қарсы бетіне шығып, ережені өрескел бұзу фактілері бойынша тиісті шара-лар алынды.

Аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық қадағалау тобының аға инспекторы, полиция майоры Айбек Арсеновтен жол-көлік оқиғаларын тудыратын басты себептерді сұрағанымызда:

– Азаматтардың ішімдік ішіп көлік басқаруы, рөлге шаршаңқы күйде отыруы және жылқы, ірі қара малдардың түнгі мезгілде жол бойында жүруі жол-көлік оқиғаларыны басты себептері болып табылады.

Түрлі жиындарда, кездесулерде ауыл тұрғыдарына үй жануарларын белгіленген уақыттан кейін қараусыз қалдырмауға қаперлеп отырамыз. Заң талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсінік жұмыстары да үнемі жүргізіледі.

Салдары ауыр зардаптарға әкеліп соғатын оқыс оқиғалардың алдын алумақсатында мүдделі орындармен бірлесіп түрлі жедел профилактикалық іс-шара-лар өткізіледі. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиа-лымен «Жолдағы қабылдау» ак-циясы тоқсанына бір мәрте өтсе, «Қауіпсіз жол», «Автобус» шара-лары ай сайын жүргізіледі. Сондай-ақ мектеп оқушыларының қатысуымен «Жаяу жүргінші», «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы», «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!», «Абайлаңыз, балалар!», «Сіздің жолаушыңыз – бала» атты акциялар ұйымдастырылады, – дейді.

Жол сақшысы көшедегі көлік қозғалысына кедергі келтіретінжайт ретінде балалардың жол бойында ата-аналарының қарауынсыз ойнауын айтып, ата-аналардың аталған мәселеге бей-жай қарамау қажеттігін ескерттіАудан орталығындағы ауылі-шілік жолдардың 5,2 шақырымы қатқыл табанды жол болса, 9,2 шақырымы қайта жаңғыртуды қажет етеді.

Аудандық тұрғын үй-комму-налдық шаруашылық, жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар аутокөлік жолдарының бойына 5 жерге, орталықтағы көшелерге 12 жерге жасанды жол кедер-гілері (лежачий полицейский) белгілерімен бірге орнатылды. Облыстық маңызы бар Жымпиты – Қаратөбе тас жолының аудан орталығы арқылы өтетін 7 шақырымына тәуліктің түнгі мезгілінде жол бөлігін жарықтандыру мақсатында көше шамдары қойылды. Ауылішілік жолдарға қосымша ақпараттар мен ескертулерге арналған 40 жол белгісі орнатылды.

Халық арасында «Сақтансаң, сақтармын!» деген нақыл жиі ай-тылады. Жол бойындағы қауіп-қатерден ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан көлік тізгіндеген жүргізуші өзімен бірге жолаушылардың өміріне жауапты екендігін жете сезінгені дұрыс.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.