10.12.2018, 11:57
Қараулар: 10
«Жайдарманның» жағдайы қалай?

«Жайдарманның» жағдайы қалай?

«Жайдарман» – жастардың мекені. Ресейден тамыр тартқан бұл ойын қазақ даласына кең тарап үлгерді. Жастардың сүйікті ойынын қолдаушылар да, мін тағушылар да баршылық. Бүгінде облысымыздың бірқатар аудандарында «Жайдарманның» филиалдары жұмыс жасайды.  

Ауданымыздағы «Қаратөбе Жайдарман лигасы» 2013 жылы өз жұмысын бастады. Сол уақыттан бері бес маусым бойы көрерменді әзілдерімен баурап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Қаратөбелік команда-лармен қоса әр маусымда өзге аудандар мен Орал қаласынан «жайдарманшылар» келіп, бақтарын сынап жүр. «Жайдарманшыларға» қолдауды кім көрсетеді? Олардың өнері көңілден шығып жүр ме? Жастар жаппай қызыға тамашалайтын бұл ойын не-сімен ерекше? Осы сұрақтар төңірегінде, «Жайдарман»ойындарының бүгінгі жай-күйі, деңгейі жөнінде ізденіп көрдік. Жаңарған, жасарған бүгінгі қазақ қоғамын «Жайдармансыз» көз алдыңызға елестету қиын. Жас біткеннің басым бөлігі осы ойын десе ішер асын жерге қойып, көз алмай тамашалайты-ны белгілі. Аудан орталығында өтетін ойынның басты көрермені – жастар.

«Жайдарман» – жастық шаққа тән ойын. Татулыққа үндейді. Бұл ойын батыс пен шығыстағы «жайдарманшылардың» достықмекеніне айналды. Ол жер-де әзілмен қоса қоғамдағы шындық астарлы түрде жет-кізіледі. Көпшілік «Жайдарманды» ұшып-қонған жастардыңбос уақыт өткізуі деп түсінеді. Алайда ол жерде сауатты да, салмақты да әзілдер айтылады. Көпке топырақ шашуға болмас, мүмкін бастапқы уақытта арзан әзілдерге жол берілген болар. Алайда көш те жүре-бара түзелмейді ме? Үнемі көпшіліктің көңілінен шығу мүмкін емес екені анық. Бір ойынға қарап баға беруге әсте болмас.

Сонымен, бұл ойын жастарға не береді?  – Қаратөбе колледжінен жыл сайын «Жайдарман» ойындары-на кем дегенде екі команда қа-тысады. Студенттеріміз облыс-тық кезеңдерде бақтарын сынап, алдыңғы қатардан көрініп жүр. Әдетте бізге келген балалар тұйық болып келеді. Ортамен араласып, ашылуы үшін көп уақыт кетеді. Сонымен қатар бізде мүмкіндігі шектеулі студент-тер де бар. Олар осы «Жайдар-ман» ойындары арқылы ашы-лып, көппен араласа бастады.

Студенттерді «Жайдарманға» жас ұстаз Асланбек Жанболат-ұлы дайындайды. Әзілдерін жа-зып, сахна мәдениетін үйретеді. Жайдарман» жастарды көпшілік алдында қысылмауға, өзін-өзі дұрыс ұстауға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, интеллектуалдық деңгейін көтеруге тәрбиелейді. Біздің түлегіміз, қазіргі күні ауданның қоғамдық шараларының бел ортасында жүрген Мерей Амангелдиев осы ойын арқылы көпшілікке танылды. Өзін өзге қырынан көрсетіп, ашыла түсті. Бүгінде Мерей айту-лы асабалардың қатарында. Сондықтан «Жайдарман» – жастардың қоғам өміріне белсене араласуға берілген мол мүмкіндік, – дейді Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахаден.

«Жайдарман» ойындарына қаншалықты қолдау көрсетіледі? Осы сұрақ төңірегінде «Қаратөбе жайдарман лигасының» директоры Ринат Шабдаровты сөзге тарттық. Ринаттың айтуынша, «Қаратөбе жайдарман лигасы» өз-өзін қамтамасыз етіп отыр.

– Алғаш құрылған жылдары аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілді. Әкім кубогі респуб-ликалық деңгейде ойнатылып, еліміздің өзге қалаларынан ко-мандалар келіп қатысты. Содан кейін ондай қолдауды көрген жоқпыз. Бірнеше рет аудандық мәдениет, ішкі саясат бөліміне барып сөйлестік. «Иә» деген құр сөзбен шығарып салды. Алайда ешқандай нәтиже болған жоқ.

Басқасы былай тұрсын, бізге мәдениет үйінен де қолдау жоқ. Ойын өткізу үшін мәдениет үйінің залын жалға аламыз. Жалдау ақысын сағат 10.00-ден бастап төлесек те, ойын басталғанша мәдениет үйіне кіре алмаймыз. Командалар дайындала алмайды. Сол себепті дайындық, редакторлық жұмыстың барлығын аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ғимаратында өткіземіз. Бұл да ойынның сапасына айтарлықтай әсер етеді. Осы кезге дейін «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мерей Сағызбайұлымен бірге жұмыс жасадық. Өзім аудан басында болмағандықтан, ұйымдастыру шараларымен Мерей айналысады.

Біздің басты мақсатымыз – аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу. «Жай-дарман» арқылы бойында өнері бар шығармашыл жастар сапалы әзіл арқылы шеберліктерін шыңдай түседі. Жалпы, «Жай-дарман» жастарға не береді? Ол жастардың заманмен қатар дамып, өмірде өз орындарын табуына септігін тигізеді. «Жайдарманды» «жеңіл әзіл, өздері айтып, өздері күлу» деп сынап жатады. Қазір көрермен әлсіз әзілдерді қабылдамайды. Бұл да өнім сияқты. Егер тұтынушының талабы жоғары болса, өнімнің сапасы да артады. Қазір «Жай-дарман» сапасы айтарлықтай артты. Соны халық көруі керек, – дейді «Қаратөбе жайдарман лигасының» директоры Ринат Шабдаров.

Ринат мырзаның әңгімесінен кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиеваға бардық. «Жайдарманшылардың» мұңын жеткіздік. Мейрамгүл Жолдығалиқызы «Маған еш-кім қолдау сұрап келген жоқ. Мүмкін менен бұрын осы қызметте болған басшыларға келген болар. Алайда Қаратөбе лигасы Ақжайық игасының жанынан құрылғандықтан, бізде «Жайдарманға» арнайы қаражат бөлінбейді», – дейді. «Сапалы ойын өткіземін. Ішкі саясаттың тарапынан қолдау керек» деп келетін жастар болса, барын-ша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Біздер үшін тарихсыз, тамыр-сыз болса да, жастар арасындажақсы сипат алып жүрген КВН-нан бастау алған «Жайдарман»ойындарының бүгінгі жағдайы осындай. Бұл ойын бүгінгі күні жастар жанарын жаулады. Ендігі уақытта жергілікті жерімізде қазақша «Жайдарманның» дамуына үлес қосып, барынша қолдау көрсетуіміз керек. Жастар осы ойын арқылы тәрбиеленеді десек, «Жайдарманда» барынша ұлттың бет-бейнесін көрсетуге, қоғамдық мәселелерге, рухани құндылықтарымызды насихат-тауға талап қойылса дейміз.

Әдемі қалжың мен әзілдің астарына шындықты жасыруғатырысып жүрген жастар ойыны, қалай десек те, көптің көңілінен шығып жүр. Саясаттан, қоғамда-ғы келеңсіз жайттардан, біз байқамайтын тұстардан сатира жасайтын «Жайдарман» жастар-ға керек секілді. Кімнің неге күле-тініне қарап ой-өрісінің деңгейін анықтауға болады. Сондықтан кейбір сапасыз әзілдерге көрермен өзі төрелік жасар. Тек әзіл айтушы да, тыңдаушы да «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім» екенін естен шығармаса дейміз.

 Ажаргүл ӘЛИЕВА

 

 

 

 

Түсініктеме

Жайдарман это большая школа жизни для квнщиков. Это рождение новых талантов, таких как актеры, артисты, певцы.

Жайдарман является самым популярным молодежным движением в нашей стране, столько последователей.