11.12.2018, 11:35
Қараулар: 3
«Жәннат» драмасы тамашаланды

«Жәннат» драмасы тамашаланды

 Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында LED экран арқылы Мұқан Томановтың «Жәннат» драмасы көрермен назарына ұсынылды.  

Бүгінгі қазақ ұлтын толғандырып отырған  мәселе – діндегі адасушылық. Сәллафи, ваххаби, таблиғи, тәкпіршілер болып исламды жік-жікке бөлгендер отбасының, елдің берекесін кетіріп, жиһадқа аттанып, ұлттық құндылықтарымызды аяқ асты етуде.

Пьесаға бір отбасының басынан кешкен оқиғасы арқау болған. Дәлірек айтсақ, асыл дініміз исламды бұрмалаушылардың ықпалында кеткен Сүйеніш жігіттің образы өмірден алынғандығымен құнды.

Үш ұл, үш қыз қайғыдан қабырғасы қайысқан аналарына бәйек болып, оның көңілін аулайды, әртістер қазақ отбасындағы татулықты, әке-шешеге деген шексіз құрметті осы кішкене көріністе жарқыратып көрсете білген. 

Мінезі, жүріс-тұрысы адам танымастай өзгерген Сүйеніш үй-ішінің берекесін кетіріп, қарындастарына қол көтеріп,  ұрып-соғып, күнбе күн берекеттерін қашырады. Қарындастарына орамал тартып, ұзын көйлек киюді талап етеді.

Имам Сүйеніштің үйіне келіп, Ислам діні туралық діні екенін түсіндіріп, ата-ананы қадірлеудегі ислам дінін мәртебесін баяндап өтті. Имамның көмегімен өзінің жүрген жолының күмәнді екеніне көзі жетіп, адасқанын мойындап тәубесіне келді.

Ұлтымыздың, жалпы еліміздің ішкі тұрақтылығын, рухани тұтастығын сақтауда имамның рөлі маңызды. Қойылымды аудан орталығындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары тамашалады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы