5.02.2019, 18:08
Қараулар: 8
Комиссияда өзекті мәселелер қаралды

Комиссияда өзекті мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы оздырылды.

Отырыстың күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша  Қоскөл ЖОББМ және Мұхит атындағы ЖОББМ директорларының хабарламалары тыңдалса, Қаракөл, Қоскөл ЖОББМБ-ның және Егіндікөл ЖОББМ директорлары мектептердің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының атқарған жұмыстарын баяндап, комиссия мүшелерінің отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселерге қатысты қойған сауалдарына жауап берді.

Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан мектептер психологтары тарапынан атқарылатын жұмыстарды әлі де ширату қажеттігін баса айтып, психолог мамандардың өз деңгейінде жұмыс жүргізуі үшін оларды арнайы қызмет бөлмесімен қамтамасыз етуді мектептер директорлары мен аудандық білім беру бөлімінің басшысына тапсырды.

Отырыста кәмелетке толмағандардың тәртібі қаралып, жіберілген кемшіліктерді заң шеңберінде шешу мәселесі талқыланды.

 

                                                                                    Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                   Қаратөбе ауданы