5.02.2019, 19:34
Қараулар: 40
Төтенше жағдайлар бөлімінде жаңа басшы

Төтенше жағдайлар бөлімінде жаңа басшы

Бүгін БҚО ТЖД бастығының бірінші орынбасары, подполковник  Ақылбек Ахметжанов Қаратөбе ауданында арнайы іссапармен болып, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтың 2019 жылғы 1 ақпандағы №17 бұйрығымен Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы лауазымына тағайындалған Мэлс Тлектесұлы Искаковты аудан активіне таныстырды.

 

 

 

 

 

 

 

Аудан активінің жиналысында сөз сөйлеген аудан басшысы Жанат Асылханұлы жаңа лауазымға тағайындалған Мэлс Тлектесұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Активке дербес бөлім басшылары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұжымы қатысты.

Азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков 1983 жылы 25 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Мұнай және газ кеніштерін құрлықта және теңізде игерудің технологиясы мен кешенді механизациясы» толық курсын аяқтап, «Тау-кен инженер-мұнайшы» мамандығын алған. Еңбек жолын 2005-2006 жылдары БҚО МБҚБ Қаратөбе ауданы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері, 2006- 2008 жылдыры БҚО ӨҚД Қаратөбе ауданының өртке қарсы бөлімі маманы, 2008-2010 жылдары БҚО ТЖД Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің маманы, 2010-2013 жылдары БҚО ТЖД Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға маманы, 2013- 2017 жылдары БҚО ТЖД Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері қызметінде болды.

2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін БҚО ТЖД Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Жанұялы, 2 баласы бар.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.