6.02.2019, 18:27
Қараулар: 82
   Интернационалист жауынгерлерге  құрмет  

   Интернационалист жауынгерлерге  құрмет  

Бүгін Қаратөбе ауданының Шөптікөл ОЖББМБ базасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай әскери-спорттық ойындар түрлері бойынша аймақтық сайыс өтті.   Сайысқа ауданның Мұхит атындағы ЖОББМ, Шөптікөл, Жамбыл ЖОББМБК-нің оқушылары және Қаратөбе колледжі студенттері қатысып өзара сынға түсті.

 

 

 

 

 

 

Келешек ұрпақты патриотизмге баулуды мақсат еткен шараның ашылу салтанатында Ауған соғысының ардагері Е.Иманғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ойын түрлері АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп оны қайта құру және жалпы қорғаныс тұлымын киюден шеберлік танытса, кермеге тартылу, қыздар арасындағы арқада жатып денені көтеруден тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Аталмыш жарыс түрлерін мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мержан Биалиев жүргізді.

Жарыс қорытындысында жалпы қорғаныс тұлымын киюден озық шыққан Абылай Қожахметов пен Дидар Төлегенова  жүлделі  І орындарды иеленіп, жеңімпаз атанса,  АК-74  автоматын толық емес бөлшектеу және оны қайта құрудан алдына жан салмаған Шөптікөл ЖОББМБ командасы І орынды, Мұхит атындағы ЖОББМ және  Жамбыл ЖОББМБК  командалары ІІ, ІІІ орындарды иеленсе, Қаратөбе колледжі ІV орынға табан тіреді. Кермеге тартылудан командалық есепте Шөптікөл ЖОББМБ командасы жүлделі  І орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанса, ІІ және ІІІ орындарды Жамбыл ЖОББМБ мен Мұхит атындағы ЖОББМ командалары еншіледі. Ал, IV орынға Қаратөбе колледжі командасы табан тіреді. Қыздар арасындағы арқадан жатып денені көтеру бойынша командалық есепте І орынды жеңіп алған шөптікөлдіктер жарыс жеңімпазы танылса, Мұхит ЖОББМ және Жамбыл ЖОББМБ командалары жүлделі ІІ-ІІІ, Қаратөбе колледжінің командасы IV орындарды иеленді.

Тартымды сайыста жалпы командалық есеп бойынша Шөптікөл ЖОББМБ командасы жарыс жеңімпазы атанды. I-II-III-IV орындарды Мұхит атындағы ЖОББМ, Жамбыл ЖОББМБ және Қаратөбе колледжінің командалары бөлісті.

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін интернационалист жауынгер Батырбек Жұмағалиев жүргізді.

Шебер ойын көрсетіп, жарыс жеңімпазы танылған Шөптікөл ЖОББМБК командасы (жетекшісі: Мержан Биалиев) көрермен ықыласына бөленді.

Ерболат Сағынбайұлы мен Батырбек Құсанұлы мектеп музейіндегі жәдігерлермен танысып, ашық аспан астындағы кітап көрмесін тамашалады.

Мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Оралбай Хасанов Ерболат Иманғалиев пен Батырбек Жұмағалиевке алғыс хат ұсынып, қызметтеріне толайым табыс тіледі.

Шара Шөптікөл ауылдық клубы мен аудандық мәден-демалыс орталығының көркемөнерпаздары және мектеп оқушыларының орындауындағы патриоттық әндерге ұласты. Сахнада орындалған тамаша би мен тартылған керемет күй шара көркін қыздырды.

 

                                                                                  Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                      Қаратөбе ауданы 

                

             

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.