7.02.2019, 15:49
Қараулар: 15
Қыс айларынан қиналмай шықпақ

Қыс айларынан қиналмай шықпақ

        Ит жылының аяғы мен доңыз жылының басындағы ауа райы тұрақсыздық танытып тұр. Күн суытып, біресе аяқ асты әп-сәтте жылынып қар жауып, ұйытқыған желімен «кәрі құда» тосын мінез көрсетуде.

Тіршіліктің күре тамыры –  жол қатынасы мен Қаратөбе ауданы аумағындағы елді мекендердің қыс айлары кезіндегі тыныс-тіршілігі аудандағы тиісті орындар тарапынан жіті қадағаланудаАудандағы жол қатынасының жағдайы қазіргі таңда бірқалыпты.

Аудан орталығынан көршілес Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылына дейінгі жол аралығының және аудан округтеріне қатынайтын аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы күнделікті бақылауда.

 – Аталмыш жолдарды қардан аршу жұмыстарын қарамағында құм шашатын қондырғысы бар «Камаз», 2 «К-700», «ХТЗ-150» және МТЗ-80 тракторлары, жолды қырып тегістейтін автогрейдері және «Нива» автокөліктері бар  «Бақыт жолдары» ЖШС  қамтамасыз етеді. «Бақыт жолдары» ЖШС ааталған жолдардың жағдайын күнделікті бақылауға алып, ауа райына байланысты қардан тазалап отырады.  Сонымен қатар көк тайғақ болған кезде жолдарға құм шашып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүргізіп келеді.

Ал аудан орталығы Қаратөбе ауылы ішіндегі жолдарды қардан тазалауды аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесі жүргізеді. Аудандағы ауылдық округтер орталығы мен  округтерге қарасты елді мекендердің жол қатынасын реттеуді жергілікті округ әкімдері ұйымдастырып отырады, — дейді аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Ақсұлтанов.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Қанат Бадақовтың айтуынша аудан бойынша мал қыстағына дайындалған 61,59 мың тонна мал азығының 4 ақпандағы мәліметке сай 40 783 мың тоннасы есептелініп отыр. Сонымен қатар мал қыстағына алынған 481 тонна  жемнің 346 тоннадай қоры қалған. Аудан орталығы мен елді мекендердеріндегі ауыл тұрғындары мал азығы жемді жеке кәспкерлерден сатып алуда.

Аудан бойынша 29936 бас ірі қара, 62869 бас қой-ешкі, 7128 бас жылқы және 10 бас түйе есепте бар. Елді мекеннен тыс 75 мал қыстақтарында 248 жұмысшы қызмет етуде. Қыстақтардың 56-сына электр желісі тартылған, 2 желмен қуат беретін және 19 күн сәлесінен қуат алатын батареялар орнатылған. Соңғы 5 жылда қазылған 67 құдық жұмыс жасауда. Қыстақтарда 10385 бас ірі қара, 22900 бас қой-ешкі, 2989 жылқы, 9 түйе есептелініп отыр. Оларда мал азығы жеткілікті. Қатынайтын жолдардың қары аршылған. 57 қыстақ ұялы байланыс желісі бар орындарда орналасқан. Қыстақтағы мал бағатын шаруашылықтар есебінде 94 трактор, 66 жеңіл және 10 жүк автокөлік бар.

Аудандағы жол қатынасын реттеуші және ауылшаруашылығы саласы мамандарының деректеріне қарағанда жол қатынасы мен аудан шаруашылықтарындағы мал қыстақтарының жағдайы бірқалыпты өтуде.

                                                                              Ерболат МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ