13.02.2019, 19:06
Қараулар: 72
Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Облыс аумағында өрт жағдайын тұрақтандыру, сондай-ақ «тілсіз жау» кезінде адам өлімін болдырмау мақсатында БҚО төтенже жағдайлар департаменті тұрғын үй секторларының өрт қаупсіздігі бойынша «Оттан, тұншықтыратын иістен абайла!» айлығын өткізу туралы жариялаған бұйрығына сәйкес 4 ақпаннан бастап Қаратөбе ауданында тисті шаралар өтуде.  

Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлмінің қызметкерлері және аудандық №16 ӨСБ-нің қызметкерлерімен бірлескен рейдтерде өрттен сақтану жайында тұрғындар арасында кеңінен түсінік жүргізіп, жадынамалар таратуда.

Бүгінге дейін аудан бойынша 155 үйге аулааралық шолулар жүргізілді. Тұрғын үйлердің көпшілігінде иелерінің үйлерінде болмауына байланысты «КазТрансГазАймақ» және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен тексеру жұмыстарын сенбі күні де ұйымдастыруда.

Аудандық №16 ӨСБ-нің меншігіндегі УАЗ автокөлігіндегі құлақтандыру құрылғысымен Қаратөбе ауылының көшелерінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша ескертпелер жасауда.

– 2018 жылы ауданда барлығы 17 өрт оқиғасы тіркелді.  Бұл 2017 жылмен салыстырсақ өрт оқиғаларының 2,3%-ға азайғанын көрсетеді.  Соның ішінде аудан аумағында 3 тұрғын үйде, 7 шаруашылық құрылыстарда, 3 автокөлікте, 1 жеке трактордың тіркемесінде және орталық саябақ аумағында орын алды. Тұрғын үй секторындағы өрттердің көпшілігі электр желілері қуатының күшеюі, мас күйінде шылым шегу, ақаулы пештер мен қараусыз қалған электро-құралдардан өрт қауіпі туындайды, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.

Құтқарушылар осындай кездесулер мен бақылаулар аудан азаматтарының өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауда жауапкершілік танытады деген сенімде.

 

    Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.