14.02.2019, 18:32
Қараулар: 18
   Семинарда пікір алмасты

   Семинарда пікір алмасты

Бүгін Қаратөбе аудандық сотында семинар оздырылды. Семинарды аудандық сот төрайымы Бақытгүл  Жәңгірова жүргізді. 

Келелі басқосуда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Бақытгүл Шабайқызы Қазақстан Республикасының Заңдары Жер кодексіне, Қылмыстық Кодекске және Азаматтық кодекстің кейбір баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы әңгімелеп, семинарға қатысушы Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Жасұлан Темірғалиев  пен  Ерболат Бердіғалиевтің Жер кодексі баптарындағы  өзгерістер және мекеме балансында тұрған үйлерге төлем төлемей жүрген борышкерлерден төлемдерді өндіріп алу жөнінде қойған сауалдарына жауап берді.

Өзгерістер енгізілген Заң баптарына сай электр энергиясына, газға, суға  төленетін төлемдерді борышкерлерден мәжбүрлеп өндіріп алу, сот орындаушысының борышкерлерге қатысты іс жүргізуі , нотриальдық қызметтер, мұрагерлік істі жүргізуге қатысты заң баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен түсінік берді.

Сот төрайымы Б.Шабайқызы Жер кодексінің 64-65 — баптары жаңа редакцияда шыққанын, Қылмыстық кодекстің 393-бабының кодекстен мүлдем  алынып тасталғанын,  тағы да басқа сол сияқты бірқатар заңдар баптарындағы өзгерістерге тоқталды.

Аудандық әділет басқармасының басшысы Н.Басерова заңнамалардағы өзгерістерге байланысты өз ойын ортаға салды.

Семинарға «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгөлек Андирова, жергілікті полиция қызметінің басшысы Айзат Серікұлы және  аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары да қатысты.

 

                                                                                   Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                   Қаратөбе ауданы