22.02.2019, 16:00
Қараулар: 75
Халық мүддесі – басты міндет

Халық мүддесі – басты міндет

                                                                                                                                                                         Орынғали  ЕРМЕКҚАЛИЕВ,                                                                                                    Қаратөбе аудандық ардагерлер  кеңесінің төрағасы :   

 

 

– Елбасы  Үкіметті отставкаға жіберді. Еліміздегі істеліп жатырған бірқатар шараларға қарамастан көптеген әлеуметтік бағдарламалар халыққа тиімділігін көрсете алмай отырғаны белгілі. Әсіресе көп балалы жанұяларға берілетін төлемдер жүйесі ешқандай сын көтермейді. Әлеуметтік көмекке зәру жандарға көрсетілетін қолдаулар өте мардымсыз.

Елімізде баспағана мұқтаж жандар өте көп. Бірақ, баспанаға бағасы бұқара халыққа қолжетімісіз. Өте қымбат. Халықты нақты  жұмыспен қамтуда да ұтымды шешімдер керек-ақ. Ел халқының басым көпшілігінің еңбекақысы өте төмен. Тұтынатын тауарлар құны уақыт өткен сайын шарықтай береді.

Бұның бәрі халықтың Үкіметке риза еместігін білдіреді.

Сондықтан Елбасының Үкіметті отставкаға жіберуін қолдаймын. Жаңадан жасақталатын Үкіметтің  құрамының  халық алдында адал жұмыс атқаруын қалаймын.

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.