26.02.2019, 15:32
Қараулар: 68
Нәтижелі жұмыс – көпшілік қалауы

Нәтижелі жұмыс – көпшілік қалауы

Сайлау ФАЗЫЛОВ,

тыл және еңбек ардагері:

– Мемлекет басшысы 25 ақпан күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып елімізде жүргізілген саяси жаңғырудың басты себептеріне тоқталды.

Ел Президенті жасақталған жаңа Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруға, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды аяғына дейін жеткізуге тұрғындардың мәселелерін нақты шешуге тиіс екендігін атап өткен болатын.

Жаңадан тағайындалған Үкімет мүшелері соңғы конституциялық өзгерістерге сәйкес, әрбір саладағы жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді саралай отырып әрекет жасауы қажет деп ойлаймын.

Үкімет басына тағайындалған Асқар Мамин жетекшілік ететін жаңа құрамдағы Үкімет халықтың мұң-мұқтажын ескере отырып әсіресе әлеуметтік салаға баса назар аударып жұмыс жүргізеді деген сенімдемін.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.