27.02.2019, 17:40
Қараулар: 73
Әлеуметтік мәселелер шешімін таппақ

Әлеуметтік мәселелер шешімін таппақ

Әмірбек ЖӘНІБЕКОВ,

 аудандық маслихат депутаты:                 

– Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде мақсат міндеттерді зор ықыласпен қабылдадым. Елбасының тәуелсіз еліміздің өркендеуі үшін қабылдап жатырған шешімдері әділ шешім деп ойлаймын. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді көркейтуге деген ықыласы ерекше екендігін баса айтуымызға болады. Қазіргі таңда көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындаудың өзі бала тәрбиесімен отырған аналарға үлкен жеңілдік. Бұрынғы замандарда текті халықтың перзенттері  түзде жүрсе ал ақ жаулықты аналар үйде бала тәрбиелеумен айналысқан. Заман ағымына қарай осы үйлесімділіктің орны күрделене түсті.

Қоғамда орын алып жатырған жағдайлар Елбасының батыл да нық шешім қабылдауына әкелді. Елбасы партия сьезіне әкімдерге де халыққа жақын болуды, олардың жағдайымен санасып отыруды, олардың арман-тілектері мен мұң-мұқтаждарына құлақ асуды да өзінен бастап өзгелерге үлгі етуі соның айқын бір дәлелі деп білемін.

Халықтын жағдайы, әл-ауқаты артса-еліміздің әрбір тұрғыны үшін бұдан асқан бақыт та байлық та жоқ.  Осы сьезде айтылған Елбасы тапсырмаларының шешімін табатындығына және әр сөзі Қазақстанның әрбір азаматына ұстаным болып қалыптасып, жүректеріне жылу беретіндігіне сенімім мол.

 

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.