28.02.2019, 12:10
Қараулар: 104
Сала қызметімен танысты

Сала қызметімен танысты

         27 ақпан күні Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қаратөбе ауданының полиция бөлімінде қонақта болып, бөлім ғимаратын аралап, мекеме жұмысымен танысты. 

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ішкі істер органдары қызметкерлерімен байланысын жақсарту мақсатында өткен шарада балалар біраз нәрсені білді. Оқушылар адамдардың құқық бұзған немесе қылмыс жасап аудандық полиция бөліміне жеткезілген жағдайда жүргізілетін іс-әрекеттер туралы толық мағлұмат алды.

Аталған мектеп оқушыларын қарсы алған Қаратөбе ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанаргүл Ғарифоллиева тәртіп сақшыларының жұмыс барысымен таныстырды. Жасөспірімдердің ғимаратқа саяхаты барысында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қызмет орындарын, уақытша ұстау оқшаулағышты, кезекші бөлімнің жұмысын, қару-жарақ сақтау бөлмесін, тергеу және анықтау қызметімен бірге учаскелік полиция инспекторларының атқаратын қызметі туралы түсінік берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толымды жауаптар алды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.