28.02.2019, 19:57
Қараулар: 18
 Төтенше жағдай салғырттықты көтермейді

 Төтенше жағдай салғырттықты көтермейді

   Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының  төрағасы Жанат Асантаевтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы оздырылды.

Жиналыстың күн тәртібіне сай өткен 2018 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс қорытындысы мен алдағы міндеттер туралы  және судағы қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын бақылау бойынша аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақовтың, көтемгі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аслан Даубаевтың және Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Самғат Зейнуллиннің және 2018 жылғы төртінші тоқсандағы хаттама бойынша  мәселелердің орындалуы туралы  аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгереевтің   хабарламалары тыңдалды.

Хабарламашы: М.Ысқақовтың айтуына қарағанда  аудан аумағында орналасқан обьектілерді тексеру жоспарына сәйкес және жоспардан тыс обьектілердің өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуы бойынша 83 обьекті, оның ішінде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша 39-ы, жоспардан тыс 46-сы қаралған.

Аталмыш тексеріс нәтижелері бойынша 60 тұлға жауапкеншілікке тартылса,  6 жеке тұлғаға ескерту берілген.

Аудан басшысы Ж.Асылханұлы өрт қауіпсіздігінің сақталу деңгейінің төмендігін қадап айтып, науқандық жұмыстарға қатыстырылатын техникаларды  техникалық байқаудан өткізу жұмыстарына  талапты күшейту қажетігін алға тартты.

– Техника ақауынан өрт шығып, шығын келетін болса, техника иесін жауакершілікке тартып, бар шығынды өндіріп алу қажет. Сонда ғана  олар жауапкершілікті сезінетін болады. Осы өзекті жұмыстарды қатаң қадағалауды  уаскелік полиция инспекторларына жүктеу керек,- деді аудан басшысы Жанат Асантаев.

Сала басшысы А.Даубаевтың айтуынша көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға сай  2000 қапшық құм  және тиісті су айдағыш құрылғылар тиісті техникалар дайындалған. Комиссия төрағасының «Өткен жылға қарағанда биылғы түскен қардың  деңгейі төмен бе? Әлде жоғары ма?»  деген сауалына сала басшысы А.Даубаев  қар мөлшерінің былтырғыдан көп екенін, қар суының көп болу қауіпі туындауы мүмкін екенін жеткізді.

Аудан басшысы өткен жылғы су тасқынан биылғы жылдағы сутасқыны басым болатын болса, 2000 дана емес одан көбірек құм салынған қапшық дайындалуы қажеттігін алға тартты.

Аудан әкімі Ж.Асылханұлы өткен жылы жөндеуден өткізілген  Ақтайсай ауылындағы көпірді  су тасқынан сақтап қалуды назарға салды.

Отырыста қар шығару, су жүретін жыралар мен жол астынан өткізілген құбырларды тазарту  мәселесі баса айтылды.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  С.Зейнуллин аудан орталығындағы Р.Малабаев көшесін су басу қауіпі бар екендігін, жақын арада аталған көшенің қарын шығару қажеттігін тілге тиек етті.

Отырысты қорытындылаған аудан басшысы  Ж.Асылханұлы  көктемгі су тасқынының алдын алу және далалық өрттерді болдымау мақсатындағы жұмыстарды тыңғылықты жүргізуді тиісті орындар басшыларына тапсырды.

Тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды орынбасары Рашит Иманғалиевке жүктеді.

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                             Қаратөбе ауданы