28.02.2019, 20:03
Қараулар: 51
Жасөспірімдер чемпионатта бақ сынады

Жасөспірімдер чемпионатта бақ сынады

Ақпан айының 27-сі күні аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған ұлттық тоғызқұмалақ ойнынан 2004-2005 , 2006-2007 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында  жекелей аудан чемпионаты оздырылды.        

Атаулы чемпионаттың  ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ербол Мұқанов сөйлеп, жиынға қатысушы Ауған  соғысының ардагерлері қаратөбелік Ерболат Иманғалиев пен Батырбек Жұмағалиевке жылы лебіздерін айтып, тоғызқұмалақшы  өрендерге сәттілік тіледі.

Ерболат Сағынбайұлы жарысқа қатысушы  жасөспірімдерге ел ертеңі келешек ұрпақты ерлікке, патриотизмге баулитын өнегелі сөздерін арнап, сайыскерлердің аталмыш чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдірді.

Салтанатты шарада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ербол Мақсотұлы  жиынға  қатысушы  Батырбек  Жұмағалиевті   «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 30 жыл» медалімен марапаттап,  Ерболат Иманғалиевке  және Ауған соғысының ардагері,  марқұм  Аманжол Сәрсенғожиннің зайыбы Қалампыр Ғаббасқызына сыйлық  ұсынды.

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың бас төрешісі Байжан Бақтығалиев  жарысқа  қатысушыларды аталмыш ойын ережелерімен таныстырды.

Тоғызқұмалақшылар арасындағы сайысқа ауданның  9 мектебінен 60-қа тарта ұшқыр ойлы оқушылар қатысып, бақтарын сынады.

Тартымды сайыс қорытындысында 2004-2005 жылдары туылған қыздар арасындағы жарыста Қаратөбе жасөспірімдер, спорт мектебінен Аружан Сырымова,  ұладардан соналылық Ералхан Айболатов топ жарып жеңіпаз атанса, 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасынан мектеп-гимназияның оқушысы Гүлімхан Тілеуғали, ұлдардан Қаратөбе балалар,жасөспірімдер спорт мектебінен Парасат Тілес жүлделі І орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтар мен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мамыр айының 9-12 аралығында Тасқала ауданында өтетін облыстық чемпионатқа жолдама алды.

                                                                                                 Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                     Қаратөбе ауданы

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.