1.03.2019, 16:00
Қараулар: 132
Ел сенімі – нақты істермен ақталмақ

Ел сенімі – нақты істермен ақталмақ

Әди МЫРЗАГЕРЕЙ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық

филиалының сектор меңгерушісі:

 

– 27 ақпан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ сьезі болып өтті. Сьезд партияның 20 жылдық тойына арналған болатын. Партияның сьезінде халықтың әл-ауқатын жақсарту, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шаралар ұсынылды.

Респуликалық бюджет пен Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетіні халыққа қуанышты хабар болды. «Нұр Отан» нақты істер партиясы. Елдің жоғары сеніміне ие болған партия сьезінде көтерілген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалатына халық сенім білдіруде. Көп балалы аналардың балаларына 21 теңге ақша, мүгедек балаға 30 пайыз, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 2-3 пайызбен ипотекаға үй берілетіндігі көңіл қуантады.

Адами капиталын арттыруда білім мен денсаулық саласында нәтижелі жұмыс атқарылу қажеттігі айтылды. Осы сьездегі қарастырылған мәселенің барлығы орындалып, халықтың сенімі ақталары кәміл. Елбасының бұл шешімі еліміздің көркеюіне жаңа серпіліс береді деп сенеміз!

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.