4.04.2019, 17:56
Қараулар: 84
«KASIP FEST» мамандықтар форумы

«KASIP FEST» мамандықтар форумы

Мұхит атындағы орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, дұрыс мамандықты таңдауға жол көрсету мақсатындағы TED x форматындағы «KASIP FEST» мамандықтар форумы өтті.

 

Шараға БҚИТУ, КазИИТУ, БҚИТУ, Ж.Досмұхамедов атындағы ОПК, Қаратөбе колледжінің өкілдері қатысып, түлектерге өз оқу орындарының бағыт бағдарын түсіндірді. Форумда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы қонақтарға қош келдіңіз айтып, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды.

Оқу жылының аяқталуына аз ғана уақыт қалғанда, болашақ мамандығын таңдайтын түлектер үшін бұл форумның алатын орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар оқу орындары туралы мәлемет бере отырып, ҚазИИТУ студенттері жасаған ерекше көзілдіріктер, галстуктер, күннен қуат алатын аспалы сөмкелер, дене қызуын өлшеуіш құралдарымен таң қалдырса, БҚИТУ-нің ұстаздары оқу орындарының мамандықтары және ондағы білім гранттары, қосымша мамандықтар  туралы айтып өтті. Оқу ақысын төлеу барысында көп балалы отбасының мүшелеріне және мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 пайыз мөлшерінде және басқа да жеңілдіктер қарастырылып жатқанын, жатақана мәселелерін, сонымен қатар ҰБТ балын аз жинап қалған жағдайда жасалатынын көмектерді тілге тиек етті. Сонымен қатар басқа да оқу орындарымен байланысын, АҚШ, Британ елшіліктерімен жұмыс жасайтынын айтып, түлектердің қызығушылығын оятты.  Әрбір оқу орны өз жетістіктерін студентерінің жемісі мен оқытушыларының ғылыми еңбектері арқылы таныстырды.

Форумға қатысушы Қаратөбе колледжінің ұстаздары болса кәсіптік бағыттағы мамандардың бүгінде аз екенін, колледжде жастардың өз кәсібін ашуға қолайлы мамандықтар жөнінде ой қозғап, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Әркімнің сүйіп таңдаған мамандығы оның анық болашағы боларына сенейік. Келген өкілдер ұйымдастырушылар тарапына алғысын жеткізіп, ал мектеп ұжымы келген жандарға қонақжайлылық танытты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Жас ақын, мектеп түлегі Райымбек Өтепов қонақтарды қошеметтеп, өз замандастарына жарқын болашақ тілеп, қара домбыра үнімен жыр жолдарын арнады.

 

Раушан МЕРГЕНОВА,

Қаратөбе ауданы