28.03.2019, 18:07
Қараулар: 65
«Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы іске қосылды

«Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы іске қосылды

       Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Асантаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында халық өмірінің түрлі салаларын цифрландыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру туралы тапсырмасына орай өткен жылдың желтоқсан айында аудан «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы пилоттық режимде іске қосылған болатын.  Аталмыш қосымшаның таныстырылымын «IT Group Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Михаил Дудниченко мен атқарушы директоры Андрей Токарев жүргізді.

Аталмыш бағдарламаны «Андройд» жүйесінде қызмет жасайтын барлық ұялы телефондарға көшіріп, жүктеуге болады. Сондай-ақ, телефонның көмегімен балабақша кезегін бақылап, коммуналды қызметтерді төлеп, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, жер қатынастары және басқа да салалардағы аудандық қызметтер туралы маңызды ақпаратты алуға және онлайн-сервисті тегін алуға кеңінен мүмкіндік жасалған. «Халықтық бақылау» аясында түрлі заң бұзушылықтар, өтініш, арыздарды қалдыруға да болады.

Жиын барысында аудан басшысы Жанат Асылханұлы бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасып, қосымша мәліметтермен толықтырылатындығын айтты.

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы