20.06.2019, 18:37
Қараулар: 258
Жеңімпазды қабылдады

Жеңімпазды қабылдады

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев Қырғызстан Республикасы Шолпан-ата қаласында қол күресінен өткен Азия чемпионатыда алтын медаль иеленген Ержан Ерболат пен оның жаттықтырушысы Нұрхат Нысановты қабылдады.

Қабылдауда аудан басшысы Ержанды жеңісімен құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі. Кездесу барысында аудан әкімі Жанат Асылханұлы спортшыларға қолдау көрсетіп, қол күресіне арналған спорттық құралдарды жаңартуға тапсырма берді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Есенжанұлына шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Осыған дейін де бірнеше байрақты бәсекелерде жеңісті қанжығасына байлап жүрген Ержан Ерболатұлы Мұхит атындағы орта мектептің             11-сыныбын аяқтауда. Небәрі он жетідегі бозбаланың төккен тері, еткен еңбегі еш кетпеді. Ержанның ендігі мақсаты – қазан айында Польша Республикасында өтетін әлем чемпионатын бағындыру.

Аудан даңқын асырып келген жеңімпаз спортшы аудан басшылығы тарапынан арнайы сыйға да ие болды.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы